Қазақстан қоржыны үшінші қола жүлдемен толықты
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер бәсекесі бойынша үшінші отандасымыз бақ сынады.
57 келіде жастар арасындағы Әлем чемпионы Ұлжан Сәрсенбек шаршы рингтің қожайыны Пунрави Руенроспен жолығып, 0:5 есебімен жол берді. 19 жастағы аруымыз бойы мен қолы ұзын қарсыластың қорғанысын бұзуға ұмтылғанымен, қарсы амал таба алмады.