Қазақстанның боксшы қыздары 5 алтын еншілеп, үздік нәтиже көрсетті

Редактор
10.12.2024, 16:27

Әйелдер құрамасы өз тарихындағы алтын жүлде санын 22-ге жеткізді

Спортты дамыту дирекциясы

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы сайыс мәресіне жетті. 5 боксшымыз да өз мансаптарында алғаш рет чемпион атанды. Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын еншілеп, өз тарихындағы екінші үздік нәтижесін (2021 жылы 8 алтын алған) көрсетті.

Осылайша әйелдер құрамасы өз тарихындағы алтын жүлде санын 22-ге жеткізді

Алтын медаль жеңіп алғандар:

60 келі. Виктория Графеева
63 келі. Аида Әбікеева
70 келі. Наталья Богданова
81 келі. Гүлсая Ержан
+81 келі. Елдана Талипова

Қола медаль иеленгендер:
48 келі. Айгерім Сәттібаева
52 келі. Жазира Орақбаева
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
66 келі. Милана Сафронова
75 келі. Диана Мағауияева