Гүлсая Ержан ел қоржынына төртінші алтынды салды

Редактор
10.12.2024, 15:37

Ол финалда украиналықтан басым түсті

Спортты дамыту дирекциясы

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде төртінші отандасымыз өнер көрсетті.

81 келідегі Гүлсая Ержан финалда украиналық Карине Айрапетянмен жолығып, барлық раундта мықты екенін аңғартты.Есеп – 5:0.

Осылайша әйелдер құрамасы 4 алтын, 6 қола медальға қол жеткізіп отыр.