Бүгін Қазақстанның тоғыз боксшысы Азия чемпионатының алтынын сарапқа салады

Редактор
11.12.2024, 09:46

Кеше қыздар бәсекесінде бес қызымыз чемпион атанған

ҚБФ

Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтеді. Айтулы сында Қазақстанның тоғыз боксшысы бағын сынайды.

Еске салайық, ерлер арасындағы сында барлығы 13 салмақ бойынша медальдар сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы 12 боксшымен барып, олардың үшеуі ғана финалға жете алмады.

48 кг
Санжар Тәшкенбай – Шодиёржон Меликузиев (Өзбекстан)

54 кг
Махмұд Мабырхан – Шахзод Музафаров (Өзбекстан)

57 кг
Оразбек Асылқұлов – Миразизбек Мирзахаликов (Өзбекстан)

67 кг
Дулат Бекбауов – Муджибилло Турсинов (Өзбекстан)

71 кг
Абылайхан Жүсіпов – Хавасбек Абдуллаев (Өзбекстан)

75 кг
Диас Молжігітов – Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)

86 кг
Бекзад Нұрдәулетов – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

92 кг
Сағындық Тоғамбай – Парвиз Каримов (Тәжікстан)

+92 кг
Айбек Оралбай – Remula Abudurexiti (Қытай)

Айта кетейік, қыздар құрамасынан Азия чемпионатының финалына Қазақстанның 5 қызы шығып, олардың бесеуі де алтын жүлде иеленді. Тағы бес қыз қола жүлдегер атанған.