Командалық есепте өзбек боксшылары алда келеді
Бокстан Азия чемпионатының финалында Абылайхан Жүсіпов (71 кг) өзбек боксшысынан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
Алғашқы раундта Абылайхан төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңген. Алайда, қалған екі раундта Хавасбек Асадуллаев бір жоғары өнер көрсетіп, таразы басын өзіне бұрып алды. Қорытынды есеп – 4:1, өзбек боксшысының пайдасында.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан финалға шыққан тоғыз боксшының әзірге тек біреуі ғана жеңіске жетіп, төртеуі жеңілді. Атап айтқанда, Махмұд Сабырхан алтын алса, Санжар Тәшкенбай, Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов және Абылайхан Жүсіпов екінші орын алды. Олардың бәрі өзбек боксшыларынан жеңілген.