Қазақстаннан жалғыз алтынды Махмуд Сабырхан алды
Таиландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы бесінші күміс жүлдеге ие болды.
75 келіде шаршы алаңға шыққан Диас Молжігітов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол шешуші жекпе-жекте Өзбекстан құрамасының мүшесі Джавохир Умматалиевтен оңбай ұтылды. Төрешілер бұл сында жеңісті 5:0 есебімен көрші ел спортшысына берді.
Бұған дейін 54 келіде Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанса, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлова (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) өзбек боксшынан айласын асыра алмай, күміс жүлдені місе тұтты.