Біздің жігіттерге 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде бұйырды
Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан бейресми жалпы командалық есепте Өзбекстанға есе жіберіп, екінші орын алды.
Біздің жігіттерге 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде бұйырды. Өкініштісі, финалда 9 боксшының бесеуі өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді.
Атап айтсақ:
48 келі. Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен (Өзбекстан) жеңілді;
57 келі. Оразбек Асылқұлов Миразизбек Мирзахалиловтан (Өзбекстан) жеңілді;
67 келі. Дулат Бекбауов Мужбилло Турсуновтан(Өзбекстан) жеңілді;
71 келі. Абылайхан Жүсіпов Хавабеку Асадулаевтан (Өзбекстан) жеңілді;
75 келі. Диас Молжігітов Джавоххир Умматалиевтан (Өзбекстан) жеңілді;
Алтын алған боксшылар:
54 келі. Махмұд Сабырхан финалда өзбек боксшысы Шахзод Музафаровты жеңді;
86. Бекзат Нұрдәулетов финалда Жасурбек Юлдошевты жеңді;
92 келі. Сағындық Тоғамбай финалда тәжік боксшысы Парвиз Каримовты жеңді;
+92 келі. Айбек Оралбай финалда Абудурешит Ремуланы жеңді.
Жалпы командалық есепте 8 алтын, 2 күміс, бір қола медалі бар Өзбекстан топ жарды. Қазақстан 4 алтын, 5 күміс, бір қоламен екінші орында. Үздік үштікті 1 алтын, бір күміс, 3 қола Тәжікстан түйіндеді.