Айбек Оралбай Азияның екі дүркін чемпионы атанды

Редактор
11.12.2024, 16:12

Ол финалда Қытай өкілі Абудурешит Ремуланы сан соқтырды

Спортты дамыту дирекциясы

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Аса ауыр салмақтағы (+92 кг) Айбек Оралбай 2 жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы қайталап, жеңімпаз атанды. Ол финалда Қытай өкілі Абудурешит Ремуланы сан соқтырды. Осылайша, Айбек командаға 4-алтынды салды.

Биылғы Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.