Теренс Кроуфордқа Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу ұсынылды

Редактор
17.12.2024, 11:52

Крофуордқа Жәнібектің бойының ұзындығы кедергі келтіруі мүмкін

Getty Images

WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) орта салмаққа көтеріліп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 10 КО) жекпе-жек өткізуі тиіс. Мұндай пікірді Boxing247.com журналисі Уилл Аронс жазды.

«Теренс Кроуфордқа тағы бір дивизион көтерілген дұрыс болар. Ол сол арқылы «Канеломен» шаршы алаңға шығуына мүмкіндік туады. Алдымен орта салмаққа көтеріліп, Жәнібек Әлімханұлының титулына таласып көруі тиіс. Жәнібектің бойы 182 см. Крофуорд үшін үлкен болуы мүмкін. Алайда «Канело» 2025 жылдың мамырында жекпе-жекке шығудан бас тартса, басқаша әрекет жасағаны дұрыс. Егер Кроуфорд 154 фунтта қала берсе, «Канело» мән бермеуі мүмкін. Өйткені Кроуфорд Сауль Альварестен 2 дивизионға төмен. Ал өз дивизионында қала берсе, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бархам Муртазалиев пен WBC, WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Себастьян Фундормен кездесуге тура келді. Олардың Кроуфордты жеңуі мүмкін. Сол кезде «Канеломен» жекпе-жек өткізу жоспары жүзеге аспауы мүмкін», - деп жазған журналист.

Айта кетейік, 22 ақпанда Эр-Риядта Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы үздіктер Карлос Адамес пен Хамза Шираз WBC белбеуіне таласады.