Қырғызстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада медалін жеңген боксшы туралы кино түсіріледі

Редактор
Бүгін, 10:26

Фильмнің сценарийіне байқау жарияланды

AP Photo / Ariana Cubillos

Қырғызстанда бокстан Париж Олимпиадасында жүлдегер болған Мұнарбек Сейітбекұлы туралы кино түсірілетін болды. 

Көрші елдің бокс тарихында Олимпиада мен әлем чемпионатынан алғаш жүлде алған спортшы туралы жаңа туындыны «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясы қолға алмақ. Қазіргі уақытта аталған киноға байланысты үздік сценарийге байқау жарияланған.

Толықметражды кино Мұнарбек Сейітбекұлының өміріне арналып, бокстағы жолын қамтымақ. Олимп биігіне шыққан спортшы Қырғызстан спортында үлкен серпіліс тудырған еді.

Боксшы 57 келіде өнер көрсетті. Ол Париждегі ойындарда финалға дейін жетіп, шешуші сында Өзбекстан өкіліне төрешілер шешімі бойынша жол берді.