Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды

Редактор
21.12.2024, 18:04

Ол бұған дейін Вьетнам құрамасын жаттықтырған

әлеуметтік желі

Бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев еліміздің бокс федерациясынан жаңа қызмет алды.

Бұған дейін Вьетнам құрамасын жаттықтырған маман енді еліміздің қосалқы құрамасын баптамақ. Бұл туралы бокс бапкері «Спорт Плюс» арнасына берген сұхбатында атап өтті.

Сәрсекбаевтың айтуынша, алдағы уақытта эскперименталды құраманы баптап, 18-22 жас аралығындағы қыз-жігіттерді дайындайды. Мұндағы негізгі мақсат құрамаға резерв жасақтау болып отыр.

«Бұған қатысты арнайы жоспарым бар. Нақты қай бағытта жұмыс істейтінімізді ақылдысып, шешетін боламыз», - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Бұған дейін Сәрсекбаев еліміздің резерв құрамасын жаттықтырған. Кейін олардың арасынан Тұрсынбай Құлахмет әлем біріншілігінде қола жүлде иеленді. Кейін Сәрсекбаев ұзақ уақыт жұмыссыз қалып, Ханой құрамасын баптап жүргені белгілі болды.