Өзбекстан президенті спортшыларға тағы да ақшалай сыйлық берді
Париждегі Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған боксшы Хасанбой Дусматов 2024 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның ең үздік спортшысы деп танылды.
Сонымен қатар, Өзбекстан ұлттық құрамасының және Францияның «Ланс» клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов жылдың ең үздік жас спортшысы атанды.
2024 жылғы Ұлттық спорт сыйлығының марапаттау рәсімі Ташкент қаласында, Олимпиада және Паралимпиада даңқы мұражайында өтті. Іс-шараның басында әлем чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға Президенттің шешімімен бір реттік ақшалай сыйақы табысталды.
Биыл марапаттар спортты дамытуға елеулі үлес қосқан танымал спортшыларға, жаттықтырушыларға және командаларға берілді.
Айта кетейік, екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов үшінші Олимпиада алтынын, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы белбеуін жеңіп алуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.