IBA президенті Умар Кремлев Баходир Жалоловты үйленуімен құттықтап, BMW X5 сыйлады

Редактор
23.12.2023, 12:33

Боксшының тойына Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бастаған бірнеше боксшы да барған

instagram.com/bakhodirdjalolov/

Бокстан Токио олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов үйленгеннен кейін оған халықаралық бокс қауымдастығының президенті BMW X5 көлігін тарту етті.

Бұл туралы ІВА президенті Омар Кремлев мәлімдеді. Өзбекстан боксшысы осы аптада үйленіп, оның тойы Ташкентте дүркіреп өтті.

«Біздің бокс отбасымыз өз қатарына жаңа жас отбасын қабылдауға дайын!

Кеше біздің чемпион Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Біз жүздеген шақырым жерде болсақ та, оны осындай маңызды оқиғамен құттықтаудың жолын табамыз», - деп жазылған ІВА-ның ресми парақшасында.

Баходир Жалоловтың қуанышын Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов бастап, Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев сынды боксшылар барып бөліскен болатын.

Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы аса ауыр салмақта екі дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ, Азия біріншілігін үш рет ұтқан. Бұдан бөлек, биыл Азия ойындарында топ жарып, Париж олимпиадасының жолдамасын иеленді.