Мамандар мұны отбасылық проблемасымен байланыстырып отыр
Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол (22-0, 11 KO) британдық Линдон Артурды (23-2, 16 KO) жеңіп, өзінің белбеуін алтыншы рет қорғады. Сондай-ақ, ол қарсыласының IBO чемпиондық титулын тартып алды.
Аталған жекпе-жек Эр-Риядта өткен үлкен бокс кешінің андеркартында өтті. 12 раунд бойы Артурды қуып жүріп ұрған Бивол төрешілердің шешімімен (барлығы 120-107) жеңіске жетті. Осылайша ресейлік боксшы қатарынан тоғызыншы кездесуін нокаутсыз аяқтады.
Sports.ru сайтының жазуынша, осы жекпе-жекке дайындалар кезде Дмитрий Бивол әйелімен ажырасып, ұзақ уақыт отбасылық дау-дамай болған екен. Бұл оның тыңғылықты жаттығуына әсер еткен болуы мүмкін деп жазылған аталған материалда.
Сондай-ақ, Бивол жекпе-жекке АҚШ-та емес, Қырғызстанда жергілікті боксшылармен бірге дайындалған.