Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Кәсіпқой боксшы нокауттан соң көз жұмды

Редактор
04.01.2025, 13:22

Ол ауыр соққыдан кейін құлап, тілін жұтып қойған

Bongo Boxing Safari/YouTube

Жеңіл салмақта өнер көрсететін 29 жастағы танзаниялық боксшы Хассан Мгайя нокаутпен жеңіліп, арада бірнеше күн өткен соң ауруханада көз жұмды.

27 желтоқсанда Танзания астанасы Дар-эс-Саламдағы «Дуния Ндого» кешенінде ол отандасы Пол Элиаспен жұдырықтасып, ауыр бірнеше соққыдан кейін құлаған болатын. Құлаған кезде Мгайя тілін жұтып қойған.

«Хассан Синзадағы палестиналық ауруханаға жеткізіліп, сонан соң Мвананьямаладағы ауруханаға ауыстырылды, ол өмірінің соңғы сәттерін сол жерде өткізді. WBC командасы және президент Маурисио Сулейман сүйікті чемпионымыздың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», — делінген WBC мәлімдемесінде.

Хассан Мгайя кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жеткен және төрт рет жеңілген. Қалған екі жекпе-жегінде тең нәтиже тіркелген.

Жарнама
Жарнама