Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ер мен әйелдің жұмысын істей беремін»: Назым Қызайбай жанкүйерлерін тәнті етті (ВИДЕО)

Редактор
05.01.2025, 00:13

Оның видеоролигін TikTok-та үш жүзден астам адам талқылаған

instagram.com/nazym_kyzaibay09

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тек жаттығу залында ғана емес, үй шаруасында да еңбекқор екенін көрсетті. Асханада ас әзірлеу өз алдына, үйдің қабырға сылап, жиһаз жөндеу – атақты боксшы үшін түк емес.

Әлеуметтік желіде жарияланған Назымның видеоролигі бірден-ақ көпшіліктің талқылауына түскен.

«Әйел әлде ердің жұмысы? Сіздерге қай Назым көбірек ұнайды?» - деп жазған болатын боксшы аталған видоематериалға. Ролик астына үш жүзден астам адам пікір жазған. Барлығы дерлік Назымның өнеріне тәнті болған.

«Керемет, көз тимесін!», «Назымның білегінде күш бар. Қара жұмысқа ебі бар», «Келін қылып алса болғандай», «Биылдан қалмай күйеуге кеткелі жатыр ма?», «Енді бір жақсы жігіт табыла кетсе» деген сыңайда пікір білдірді.

Естеріңізде болса, Назым Қызайбай жаңа жылдың алдында әкесіне су жаңа автокөлік сыйлаған болатын. Ол өз жаңалығын көпшілікпен бөлісіп, әкесі алғаш рет жаңа көлікті тақымдап жатқанын атап өтті.

Жарнама
Жарнама