Екі бірдей чемпиондық титулы бар қазақ боксшысы әліге дейін қарсылас таба алмай келеді
Кәсіпқой бокста орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Boxrec.com сайтындағы рейтингіне қатысты пікір білдірді.
Отандасымыз BoxRec рейтингінде орта салмақтағылар арасында бар-жоғы үшінші орында тұр. Әйтпесе, боксшы екі бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы. WBA тұжырымы бойынша рейтингте көш басында кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) жайғасқан. Ал екінші сатыға тіпті ешқандай белбеуі жоқ британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) көтерілген. Бұл жағдай қазақ боксшысының ашуына тиген.
«Бұл не сонда?» - деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, былтыр қазан айында Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен жеңген болатын. Мұнан кейін WBO оны британдық Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеді. Алайда, Шираз қазақ боксшысынан бас тартып, доминикалық чемпион Карлос Адаместі таңдады. Екеуі 22 ақпанда Эр-Риядта жұдырықтасады. Жәнібек болса әлі күнге дейін өзіне лайықты қарсылас таба алған жоқ.