Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Головкин шаршы алаңға оралады - инсайдер

Редактор
06.01.2025, 12:54

Айқас 13 наурызда өтетін көрінеді

twitter.com/GGGBoxing

Қазақстандық танымал боксшы, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкин шаршы алаңға оралмақ.

Инсайдер Майкл Бенсон әлеуметтік желіде Геннадий Головкиннің Монте-Карлода Баду Джекпен жұдырықтасатынын жазды. Айқас 13 наурызда өтетін көрінеді.

Головкин лауазымды қызметке тағайындалған соң, көпшілік оны рингпен қоштасты деп тұжырымдады, алайда былғары қолғап шеберінің өзі бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Геннадийдің өзі мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқасынан соң жұдырықтасқан жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын Головкин Теренс Кроуфордпен жұдырық түйістіреді деген сыбыс тарады. Алайда ол расталған жоқ.

Майкл Бенсонның инсайды көбінде шындыққа жанасымды болғанымен, оған күмән келтіретін дүние де жоқ емес. Бұлай дейтініміз Баду Джек бірінші ауыр салмақта өнер көрсетсе, GGG ешқашан орта салмақтан жоғарыламаған.

Жарнама
Жарнама