Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Бірнешеуі бас тартты»: Данияр Елеусінов өзіне лайықты қарсылас таппай жүр

Редактор
06.01.2025, 13:25

Боксшы 28 ақпанда Астанадағы бокс кешінде өнер көрсетеді

Instagram @yeleussinovdaniyar

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзіне әлі де лайықты қарсылас табылмағанын айтты. Боксшы 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

«Қарсыласым әлі белгісіз. Бірнеше боксшы жекпе-жектен бас тартты — не Қазақстанға келгісі жоқ, не басқа себептері бар. Негізі, бұл тартысты әрі халыққа қызықты болатын кездесулер еді, бірақ олар келіспеді. Енді қарсыластың келіскенін күтеміз. Биыл үш жекпе-жек өткізгім келеді», – деді Елеусінов Sportnews.kz тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, Елеусінов кәсіби бокстағы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 28 қыркүйегінде өткізген болатын. Ол кезде отандасымыз филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңген еді. Осы жеңістен кейін Данияр BoxRec рейтингінде ТОП-15 қатарына қосылды және WBC Peace белбеуін иеленді.

Жарнама
Жарнама