Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жалғас Жұмағұловтың шаршы алаңға шығатын уақыты анықталды

Редактор
06.01.2025, 18:47

Ол бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізеді

Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың шаршы алаңға шығатын уақыты анықталды.

Спортшы 27 ақпан күні Павлодарда бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Fight Night лигасының президенті Камил Гаджиев өзінің YouTube-тегі парақшасында айтты.

Бұл Жұмағұловтың лигада бокс ережесі бойынша өтетін екінші айқасы. Алғашқы кездесуі 2024 жылғы желтоқсанда Астанада ұйымдастырылды. Естеріңізде болса, елорда төріндегі Fight Nights Boxing бокс кешінде Жалғас Норвегия өкілі Раванд Оубоймен жұдырықтасты (1-0, 0 КО). Бұл кездесу төрт раундқа есептеліп, төрешілердің ортақ шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастаса, Раванд Оуба алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: