Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас ашық фотосымен жанкүйерлерін қуантты

Редактор
25.12.2023, 10:22

Кейбірі қуанған жоқ, керісінше ескерту айтты

instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстанның ең сұлу боксшыларының бірі Ангелина Лукас өзінің тән сұлулығын жанкүйерлеріне көрсетті. Әлеуметтік желіге ашық фотосын жүктеген спортшы қыз кейбір оқырмандардан сөз де естіп қалды.

«Егер сіз көбелектің соңынан қусаңыз, ол шып кетеді. Ал, егер сұлу бау-бақша өсірсеңіз, көбеклектердің өзі сізге ұшып келеді. Яғни, сіз жан кемелденуіне мән берсеңіз, қалағаныңызға жетесіз», - деп жазды Ангелина Лукас.

Боксшының бұл фотоларына ондаған мың адам лүпіл басса, ондаған адам пікір білдірген. Кейбірі мұндай ашық фотоларды көпшілікке жария етуді дұрыс емес санайды.

«Сен әлемдік аренада Қазақстан атынан шығасың, ал салып отырған фотоларың мынадай. Келесіде өзіңнің киіміңе мән берсең болар еді», - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Лукас болса «өмір өзімдікі, қалай ұнайды – солай сүремін», - деп қысқа қайырды.

Ангелина Лукас – жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Ол 6 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама