Канелоның шақыруымен АҚШ-қа кеткен қазақ боксшысы қанша табыс тапқанын айтты

Редактор
08.01.2025, 11:17

Бек Нұрмағанбет Сауль Альварестің спарринг серіктесі болып жүр

әлеуметтік желі

Кезінде әуесқой бокстан ұлттық құрамада өнер көрсетіп, кейін әуесқой боксқа бет бұрған Бек Нұрмағанбет өзінің АҚШ-тағы табысы туралы сауалға жауап берді. Бүгінде мексикалық Сауль Альварестің спарринг серіктесі саналатын түркістандық боксшы әзірге мардымды табысқа қол жеткізбеген.

Оған әлемге танымал боксшы өз базасында жаттыққаны үшін қамқорлық танытатын көрінеді. Бұл туралы ол SPORT+ арнасына берген сұхбатында жауап берді.

«Негізі Канелоның салмағында, 76,2 келіде өнер көрсетеді. Рейтинг бойынша 1 орында болса, мен 14-ші сатыдамын. Ол менен бірдеңе көрген шығар деп ойлаймын. Содан кейін мені сонау Түркістаннан келіп көмектес деп шақырған шығар. Кім чемпион болса да бізге бәрібір. Чемпиондық айқасқа шығу керек болғаннан кейін жекпе-жектерде бақ сынап жүрмін. Біз жекпе-жектен гонорар алмаймыз. Айқасқа тегін төбелесеміз. Бірақ жататын жерім, тамағым тегін», - деді сұхбат барысында.

Бұған дейін Канеломен бірге Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл да бірге жаттыққан еді. Ал әуесқой бокстан Азия чемпионы атанған Бек Нұрмағанбет мексикалық спортшының қасында спаррингке тегеурінді қарсылас ретінде бірге дайындалып жүр.