Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ұлы боксшылардың бірі»: Александр Усик WBC-ден тағы бір марапат алды

Редактор
08.01.2025, 16:41

Ол жылдың үздік боксшысы атанды

Getty images

Аса ауыр салмақ өкілі украиналық Александр Усик Бүкіләлемдік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша (WBC) жылдың үздік боксшысы атанды.

Аса ауыр салмақта WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы 2024 жылы британиялық Тайсон Фьюримен екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ұйым бұл жетістікті үш марапатпен ерекше атап өткен.

«2024 жылғы 18 мамырда Александр Усик аса ауыр салмақта Тайсон Фьюриді жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды, сол арқылы тарихи ерлік жасады.

Былтырғы желтоқсан айында Усик WBC нұсқасы бойынша белдігін сәтті қорғап, өзінің мықтылығын дәлелдей түсті.

Усик Украинадан тыс жерде өзінің ерекше қабілеттерін паш ете отырып, боксқа деген ықпалының зор екендігін айқындап келеді. Бұл жетістіктер Усиктің өз заманының ең ұлы боксшыларының бірі екендігін аңғартады», - делінген WBC мәлімдемесінде.

«Жыл боксшысы» атағынан бөлек Усик пен Фьюри айқасы ең тартысты жекпе-жек саналса, жыл бапкері атағы Усикті осы екі айқасқа даярлаған Юрий Ткаченкоға бұйырды.

Жарнама
Жарнама