Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ангелина Лукастың жекпе-жек уақыты анықталды

Редактор
11.01.2025, 16:27

Дегенмен оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз

Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой шаршы алаңда қашан кездесу өткізетіні анықталды.

Box Rec мәліметінше, ол 31 қаңтар күні Мәскеуде рингке шығады. Айқас IBA Championship Night бокс кеші аясында өтеді. Дегенмен оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Лукас кәсіпқой бокста 11-1, 5 КО рекордымен келеді. Өзінің бұған дейінгі соңғы жекпе-жегінде Ангелина Дебора Лопесті ұтып, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Былтыр ол барлығы алты айқас өткізіп, соның үшеуін нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Лукас WIBF және WBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Жарнама
Жарнама