Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бокстан әйелдер құрамасы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындыққа кірісті

Редактор
13.01.2025, 14:53

Алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командалары бірігіп жаттығады

ҰОК

Бокстан еліміздің әйелдер құрамасы 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиынына кіріскенін мәлімдеді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, оқу-жаттығу жиынында алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командалары бас қосып отыр.

Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сейдалиннің бұл бастаманың пайдасы барын атады.

«2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежелерінде бұл додаға үміткерлер бар. Сенбі күні тауға қарай жаяу жүрдік. Осы оқу-жаттығу жиынына 150 спортшы қатысты. Ал қалған жаттығулар өз жастарына сай өтеді. Спортшылардың және жаттықтырушылардың да көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасы керемет. Жылды жақсы қарқынмен бастап жатырмыз, 2025 жыл табысты болады деген үміттеміз», - деді бас бапкер.

Былтыр еліміздің әйелдер құрамасы желтоқсан айында Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті. Сондай-ақ, Қарағандыда өткен ел біріншілігінде көптеген салмақ дәрежелері бойынша жаңа чемпиондардың есімі белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: