Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде 5-орынға көтерілді

Редактор
15.01.2025, 09:49

2024 жылы ол 3 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен еді

Wasserman Boxing

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әр салмақ дәрежесі бойынша үздіктер рейтингін жариялады. Тізімде қазақ боксшылары да бар.

Мәселен, екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов позициясын жоғалтпай, 15-ші орнын сақтап қалды. Бұл салмақта әлем чемпионы – кубалық Уильям Скулл. Рейтингтің бірінші орны әзірге бос, екінші сатыда – Владимир Шишкин (Ресей), үшінші – Кристиан Мбилли (Франция).

Орта салмақта чемпиондық титул қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі екені белгілі. Бірінші орын әзірге вакантты, екіншіде – Этиноса Олиха (Италия), үшіншіде – кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания) тұр.

Ал, екінші жартылай жеңіл салмақта шымкенттік кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (19-0, 13 КО) өнер көрсетеді. Ол Жаңа жыл алдында ғана жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Осының арқасында болар, Сұлтан IBF рейтингінде жетіншіден бесінші орынға көтерілді. Бұл салмақтың чемпионы – Энтони Какейс (Ұлыбритания).

Жарнама
Жарнама