Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлімханұлы наурызда шаршы алаңға оралады: боксшының менеджері мәлімдеме жасады

Редактор
15.01.2025, 12:24

Ол Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан былғары қолғап шеберінің келесі жекпе-жегіне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.

БАҚ беттерінде отандық боксшының келесі айқасы өтетін уақыт жарияланған еді. Brunch Boxing мәліметінше, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы шаршы алаңға наурыз айында оралып, оның айқасы ESPN-дегі Top Rank кешінің басты оқиғасы болуы тиіс.

Сонымен қатар дереккөз Жәнібек наурыздағы кездесуінен соң орта салмақта WBA нұсқасы бойынша Эрисланди Ларамен немесе 22 ақпан күні Карлос Адамес пен Хамза Шираздың қай жеңгенімен біріктірілген айқас өткізетінін алға тартты.

«Мен де сіздер секілді бұл ақпаратты әлеуметтік желіден оқыдым. Наурыз айындағы кездесу бойынша ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Күні мен орын белгілі, ресми келісімшарт күтіп отырмыз. Жекпе-жек наурызда болмайды», - деді Берік Сұлтан Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Бұған дейін Жәнібектің өзі де келесі айқасы көктемде өтетінін, сонан соң күзде үш дүркін әлем чемпионы атануды көздейтінін алға тартқан.

Жарнама
Жарнама