Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан уақытша шығып қалды

Редактор
21.01.2025, 11:11

Боксшыларымыз жуырда Испанияға, одан кейін Болгарияға аттанады

olympic.kz

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан уақытша шығып қалды. Команданың бас бапкері мұның себебін түсіндірді.

Еске салайық, Сәкен былтырғы Париж Олимпиадасында да, Таиландта өткен Азия чемпионатында да ширек финалда жеңілді.

«Сәкен Азия чемпионатының алдында аяғынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды», - деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов Sport+ тілшісіне берген сұхбатында.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр. Мұнан кейін боксшыларымыз Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогіне қатысады. Келген соң Ресейде оқу-жаттығу жиынан өтіп, бапкерлер құрамы бірінші және екінші номерлі боксшыларды анықтайды.

Жарнама
Жарнама