Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Головкиннің командасындағы танымал нокаутшы Астанада жекпе-жек өткізеді

Редактор
25.01.2025, 12:12

Оның қарсыласының нақты кім болатыны әзірге белгісіз

J. Brown/Getty Images

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) келесі кездесуін Астанада өткізеді.

Ахмедов шаршы алаңға 28 ақпан күні шығады. Бұл туралы кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырып жатқан промоутерлік компания мәлімдеді. Дегенмен Алидің қарсыласы әзірге белгісіз.

Естеріңізде болса, Али Ахмедов 18 қаңтарда АҚШ-тың Коммерс (Калифорния) қаласындағы бокс кешіне қатысып, америкалық Малкольм Джонсті (17-5-1, 10 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Али Ахмедов көп жыл бойы Геннадий Головкинмен бір командада жаттығып, GGG-дің андеркардында жұдырықтасып жүрді. Осыдан біраз уақыт бұрын ол бапкерін ауыстырып, Джонатон Бэнкстің орнына қазір Рики Фуньестің қарамағында жаттығу жасап жүр. Сөйте тұра промоутер Том Леффлермен серіктестігін жалғастыруда.

Жарнама
Жарнама