Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Алты рет жеңілген ардагер»: Садриддин Ахмедовтің келесі қарсыласы белгілі болды

Редактор
03.02.2025, 10:23

Қазақ боксшысы кәсіпқой рингте мүлдем жеңіліп көрмеген

olympic.kz

Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) келесі қарсыласы анықталды.

BoxRec мәліметінше, 27 жастағы Ахмедов шаршы алаңға 19 сәуірде оралады. Жекпе-жек Коммерс қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді және 10 раундқа жоспарланған. Қарсылас – 34 жастағы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-6, 16 КО). 

Эспадасты азулы қарсылас деп айта алмайсың. Қазақ боксшысынан жеті жас үлкендігі өз алдына, ол кәсіпқой рингте алты рет жеңілген, соның екеуінде ауыр нокаут алған.

Садриддин Ахмедов болса керісінше, тек екі жекпе-жегінде ұпай санымен басым түсіп, қалған 13 қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген. Соңғы рет ол былтыр желтоқсанда рингке көтеріліп, америкалық Рафаэль Игбокве есімді боксшыны жетінші раундта ұрып құлатқан еді.

Жарнама
Жарнама