Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық танымал боксшы Дулат Бекбауов (67 кг) екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Бірінші кездесуінде испан боксшысын жеңген ол, бүгін қырғыз Ихтияр Нишоновтан айласын асыра алмады (0:3).
Бүгін жарыстың үшінші күні аяқталды. Бұл күні Қазақстанның ерлер құрамасынан – 16, қыздар құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шыққан. Олардың алтауы жеңілсе, қалғандары жарыс жолын жалғастырады.
Ерлер құрамасы:
- 48 кг. Нұрзат Оңғаров — Карлос Диас Лопес (Испания) — жеңіс төрешілер шешімімен
- 48 кг. Ернар Қарап — Хамес Пальма (Эквадор) — 2:0
- 54 кг. Бағлан Кенжебек — Санжай Сейдакматов (Қырғызстан) — 2:1
- 54 кг. Ақтілек Орынбасар — Габор Вирбан (Венгрия) — 3:0
- 57 кг. Ерхан Тұрдан — Олег Чулячеев (Украина) — 3:0
- 57 кг. Жасұлан Тілеумбек — Ислам Торобаев (Қырғызстан) — 0:2
- 60 кг. Бейбарыс Жексен — Аксель Хегарти (Уэльс) — 3:0
- 63,5 кг. Жандос Қыдыралиев — Даниил Заморило (Украина) — 2:1
- 63,5 кг. Алмат Әбдуали — Муситафа Мухетаер (Қытай) — 3:0
- 67 кг. Дулат Бекбауов — Ихтияр Нишонов (Қырғызстан) — 0:3
- 71 кг. Елнұр Сүйінбай — Гиорги Гвазава (Грузия) — 3:0
- 71 кг. Дархан Дүйсебай — Ердавулети Майланбиеке (Қытай) — 3:0
- 75 кг. Диас Молжігітов — Павел Илюша (Украина) — 0:3
- 80 кг. Дәулет Төлемісов — Пилип Акилов (Венгрия) — 2:1
- 92 кг. Мәди Амиров — Айзихаер Тоухонгдажи (Қытай) — 0:3
- 92 кг. Нурмагамед Юсупов — Конор Уильямс (Уэльс) — 0:3.
Қыздар құрамасы
- 48 кг. Роксана Гасымова — Мафалда Мораиш (Португалия) — 3:0
- 75 кг. Диана Мағауяева — Дуния Мартинес Мас (Испания) — 0:3.