Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтасуға дайын екенін айтты

Редактор
12.02.2025, 11:49

Ол абсолютті чемпион атану үшін ешкімнің ұлтына қарамайтынын мәлімдем отыр

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті чемпион болу үшін кез келген қазақпен жұыдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Tengri Sport тілшісіне сұхбат берген даңқты боксшының айтуынша, дәл қазір Қазақстанға әлемнің абсолютті чемпионы қажет.

– Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына жекпе-жек өткізуі мүмкін. Егер ол осы титулға ие болса сен онымен жұдырықтасуға дайынсың ба?

– Қазақстанға қазір абсолютті әлем чемпионы керек. Қазір маған жанкүйерлер зор үміт және сенім артып отыр, олар менің төрт белбеудің басын біріктіретініме сенеді.

Менде қазір екі белбеу бар. Қалған екеуіне қол жеткізіп, фанаттардың арманын орындау үшін мен кез келген боксшымен ұлтына қарамай жұдырықтасуға дайынмын.

Айта кетейік, қазіргі таңда WBC белбеуі доминикалық Карлос Адаместе. Ол жақын күндері титулын қорғау үшін британ боксшысы Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізеді. Ал, осы екеуінің қай жеңгені қазақ Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтасуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама