Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Хасанбой Дусматов 15 айдан бері рингке шықпаса да, рейтингте жоғары сатыда тұр

13.02.2025, 16:29

Әлемдік бокс ұйымдары өзге боксшыларды әрекетсіздік үшін жазалағанымен, өзбек боксшысына оң көзбен қарап отыр

IBA

Кәсіпқой бокста жеңіл салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов соңғы 15 айдан бері жекпе-жек өткізбеген. Соған қарамастан ол әлемдік бокс ұйымдарының рейтингтерінде жоғары сатыда тұр.

Дусматов Париж Олимпиадасына қатысатын болғандықтан кәсіпқой бокстан біршама уақытқа қол үзген болатын. Соңғы рет ол 2023 жылдың қараша айында жекпе-жек өткізіпті. Осыдан кейін әуесқой бокс бет бұрған. Нәтижесінде Парижде алтын медаль жеңіп алды.

Қызығы сол, бокс ұйымдары жекпе-жекті сирек өткізетін кәсіпқой боксшыларды жазалап, рейтингте төмен түсірсе, өзбек боксшысына ешқандай шара қолданбайды.

Мәселен, WBA оны рейтингтен шығарып тастау былай тұрсын, бірінші орыннан екіншіге ғана төмендетіпті. Ал, WBC мүлдем керісінше, Дусматовты бірінші жеңіл салмаққа ауыстырып, үшінші орыннан екіншіге көтерді.

31 жастағы Дусматов әуесқой бокста Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, бесеуін нокаутпен.

Жарнама
Жарнама