Соңғы рет ол рингке 2024 жылдың желтоқсанында шыққан болатын
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы WBA, WBO, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик алдағы жақын уақытта мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, ол сондай-ақ, алғашқы ауыр салмақта және аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған. Соңғы рет рингке 2024 жылдың желтоқсанында шығып, британдық Тайсон Фьюриді төрешілер шешімімен жеңді.
«Мен Дэниел Дюбуа – Джозеф Паркер жұбының жеңімпазымен жұдырықтасамын. Бұл абсолютті әлем чемпионы атағы үшін тартыс болмақ. Мен бокста тағы екі жекпе-жек өткіземін, сосын мансабымды аяқтаймын», - деді Усик Sky Sports-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Дюбуа-Паркер жекпе-жегі 22 желтоқсанда Эр-Риядта өтеді.
Александр Усик The Ring журналының нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік боксшысы деп танылған. Ол кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 14-нокаутпен.