Қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлы «ЖЫЛ UNDERDOG» атағын жеңіп алды

16.02.2025, 15:06

Оның Париждегі жүлдесін өз бапкерлері де күтпеген секілді

olympics.com

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, қырғызстандық Мунарбек Сейітбекұлы «ЖЫЛ UNDERDOG» номинациясын жеңіп алды. Аталған жүлденіи қазақстандық «UNDERDOG sports» агенттігі ұйымдастырған.

Бұл номинация әдетте фавориттер қатарында жоқ, жеңіске жететініне үміт артылмаған, алайда сенсациялық нәтижеге қол жеткізген спортшыға берілетін марапат.

Дәл осындай үздік нәтижені 29 жастағы Мунарбек Сейітбекұлы тіркеді. Ол өз елінің атынан бапкерісіз Олимпиада ойындарына жалғыз өзі келген болатын.

Жарыс барысында боксшыға өзбек бапкері Акмал Хасанов көмектесті. Қырғыз спортшысы финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде өзбек Абдумалик Халаковтан ұтылып, күміс медальға ие болды.

Осылайша Мунарбек Сейітбекұлы тәуелсіз Қырғызстан тарихында бокстан Олимпиада және Әлем чемпионатының жүлдесін алған алғашқы боксшы атанып отыр.

Оның бұл жеңісінен кейін Қырғызстан Республикасы боксшыға Қырғызстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстады.