Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Гиннес рекордын жаңартқым келеді»: Ангелина Лукас тағы бір жекпе-жек өткізгелі жатыр

17.02.2025, 17:04

Ол небәрі бір апта бұрын жекпе-жек өткізген болатын

instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегі қарсаңыңда мәлімдеме жасады. 

Айта кетейік, Лукас биылдыққа екі жекпе-жек өткізіп үлгерген. Үшіншісін ол 21 ақпанда жоспарлап отыр.

«21 ақпанда мен қайтадан рингке шығамын. Бұл Еуропадағы ең ірі бокс кеші болмақ. Мен тағы да көк туымызды желбіреткім келеді! Иә, иә, мен Гиннес рекордын жаңартқым келеді!" деді. 

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Лукас Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін бокс кешінде кездесу өткізеді. Алайда, оның қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Лукас жақында тоғыз күн ішінде екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Алдымен. нигериялық Айисат Орийомиді (9-1, 6 КО) нокаутпен жеңсе, одан кейін Венесуэла боксшысы Джоана Суньиганы (18-9-1, 11 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама