Баходир Жалолов Шавкат Рахмоновты ерекше құрметпен күтіп алды

Редактор
Бүгін, 09:13

Қос портшы да Өзбекстанда дүниеге келген

instagram.com/bakhodirdjalolov/

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов пен қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов кездесті.

Өзбекстандағы жылы жүздесуде Жалолов қазақстандық спортшыға қонақжайлық танытты.

«Үлкен өзбек және «Номад». Бауырым, келесі жекпе-жегіңе сәттілік тілеймін», – деп жазды өзбек боксшысы өзінің Instagram-парақшасында. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Баходир Жалолов түйдей құрдас. Екеуі де 1994 жылы дүниеге келген.

Өзбекстандық боксшы – Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2017, 2019, 2021), Азия ойындарының жеңімпазы (2022), екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2023) және Токио 2020 мен Париж 2024 Олимпиадасының чемпионы.

Шавкат Рахмонов жақында көктемде чемпиондық титул үшін америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, оның денсаулығы сыр беруіне байланысты UFC Белалға өзге қарсылас тауып берді.

Айта кету керек, Шавкат Рахмонов Өзбекстанда дүниеге келген. 2014 жылы ол Қазақстан азаматтығын алып, елге оралды.