Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстанның олимпиада чемпионы Төрехан Сабырханмен жұдырықтасудан бас тартты

Редактор
24.02.2025, 15:50

Абдумалик Халоқов рингке шықпайтын болды

Өзбекстан ҰОК

Болгария астанасы Софияда 24 ақпанда бокстан дәстүрлі «Странджа кубогі» басталды. Бүгін негізі жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы Төрехан Сабырхан (67 келі) алғашқы айналымда Париж Олимпиадасының чемпионы – өзбек Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасуға тиіс болған. Алайда жекпе-жек өтпейді. 

Сондай-ақ 60 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов та Өзбекстанның тағы бір Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковпен кездесуі керек еді. Бірақ екі кездесу де болмайды. 

Бірінші күнгі жекпе-жектер тізімінде Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоқовтың кездесуі бар еді. Алайда оның кәсіби жекпе-жегінің уақыты ертерек өзгертілгендіктен, Испанияға ұшып кететін болды. Демек ол бүгін «Strandja» турнирінде рингке шыға алмайды. Тағы бір чемпионымыз Асадхожа Муйдинхожаев те бүгін Болгарияда жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол турнир алдында алған жарақатынан толық айықпағандықтан, кездесуге қатыса алмайды, - деп хабарлайды boxinguzbekistan_official парақшасы.

Жарнама
Жарнама