Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Данияр Елеусіновтің Астанадағы жекпе-жегі өтпейтін болды – журналист

Редактор
25.02.2025, 00:34

Сонымен қатар, бұл күнге жоспарланған Қуат Хамитовтің де жекпе-жегі болмайды

ALL STARS BOXING

Белгілі спорт журналисі Уәлихан Қосанбай кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (12-0, 7 KO) Астанада өтуі тиіс болған жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді. Олимпиада чемпионы 28 ақпандағы бокс кешінде өнер көрсетуі тиіс болған.

Бұған дейін Елеусіновке менеджерлері қарсылас таба алмай жатыр деген ақпарат тараған еді. Даниярдың өзі де Қазақстанға шетелден боксшылардың келгісі келмейтінін айтқан.

«27 ақпан күні Астанада өтетін жекпе-жек кешінді Данияр Елеусінов пен Қуат Хамитов шықпайды. Екеуін көрем деп билет сатып алып, алданып қалмаңыздар», - деп жазды Уәлихан Қосанбай өзінің Facebook-парақшасында.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов соңғы рет рингке былтыр қыркүйекте Алматыда шықты. Ол кезде қазақстандыққа Филиппин боксшысы Джое Нойнай қарсылас болған. Данияр оны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Жарнама
Жарнама