Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын ұрып құлатты (ВИДЕО)

Редактор
25.02.2025, 20:06

Айбек пен Нұрбек Оралбайлар да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

ҚБФ

Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогінде Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысы Акмалжон Исраиловты нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Раунд аяқталуға 20 секунд қалғанда Бекзаттың сол қолымен соққан ауыр соққысы өзбек боксшысының жағына тиіп, ол тепе-теңдікті жоғалтып алды да, бір құлап тұрды. Төреші кездесуді тоқтатып, жеңісті Нұрдәулетовке берді.

Айта кетейік, бұған дейін рингке шыққан Бекзат Алдамжаров француз боксшысынан жеңіліп қалған болатын.

Жарнама
Жарнама