Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жас боксшылар халықаралық турнирде 21 медальға қол жеткізді

Редактор
26.02.2025, 14:52

Турнирдің финалына 15 қазақстандық шығып, оның төртеуі чемпион атанды

ҰОК

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияның Браиле қаласында өткен Dracula Open-2025 турнирінде 21 медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады. 

Турнирдің финалына 15 қазақстандық шығып, оның төртеуі чемпион атанды. Ал 11 спортшы күміс жүлдеге ие болса, алты боксшы қола жүлдеге қол жеткізді.

Алтын жүлдені Арман Мірсәбит (46 келі), Дулат Азиз (57 келі), Төреғали Сейдуллаев (70 келі) және Әділ Меделхан (80 келі) жеңіп алды.

Күміс медальға Алмас Жүнісов (46 келі), Асылан Жеңісбаев (48 келі), Едіге Нұрғожа (50 келі), Ұлас Әлімжан (52 келі), Мадияр Әбдікаримов (54 келі), Амар Рамазан (63 келі), Темірлан Ералиев (66 келі), Абылай Талғат (70 келі), Мансұр Амантай (75 келі), Нұрасыл Айтекеев (80 келі) және Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) қол жеткізді.

Ал үздік үштікті Заманхан Амангелді (50 келі), Саят Қаратаев (60 келі), Дарын Тасмұханбетов (63 келі), Таңнұр Сейсенбай (75 келі), Бақдәулет Тәжі (80 келі) және Темірлан Найзабасов (80 келіден жоғары) түйіндеді.

Осылайша отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Жарнама
Жарнама