Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альварестің салмағына ауысатынын мәлімдеді (ВИДЕО)

Редактор
26.02.2025, 15:09

Ол 5 сәуірде Астанада өзінің чемпиондық титулдарын қорғайды

1bol.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) болашақта мексикалық даңқты боксшы Сауль Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жұдырықтасуды жоспарлап жүргенін айтты.

Qazaq Style бүгін Астанада журналистермен кездесіп, алда болатын жекпе-жегіне дайындығы және болашаққа түзген жоспары жайында айтты.

«Алдымен осы салмақта төрт белбеудің бәрін жинап аламын. Сосын салмағымды көтеріп, «Канеломен» жекпе-жекке өткізуге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Жәнібек брифинг барысында.

Ол сондай-ақ, мексикалықпен қай елде болса да кездесуге дайын екенін айтты. Бастысы, Сауль Альварес келісімін берсе болғаны.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада өтеді. Оның қарсыласы француз Анауэль Нгамиссенгуэ болмақ.