Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Иван Дычко? Баходир Жалолов Астанада жекпе-жек өткізеді

Редактор
26.02.2025, 17:10

Өзбекстандық боксшы әуесқой бокста отандасымыз 4 рет жеңілген

НОК / Анвар Ильясов

Бүгін Астанада өткен Жәнібек Әлімханұлының баспасөз мәжілісінде Баходир Жалоловтың 5 сәуірдегі бокс кешіне қатысатыны белгілі болды.

Ұйымдастырушылар екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбекстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз деп отыр. Nomad boxing басшысы Рустам Қуанышәлиев алдағы ойында Жалолов пен қазақстандық Иван Дычко арасындағы жекпе-жек өткізгісі келетінін жасырмады.

Айта кетсек, өзбекстандық боксшы әуесқой бокста отандасымызбен төрт рет кездесіп, барлығында жеңіліс тапқан. Баходир Жалолов Париж Олимпиадасынан кейін әуесқой бокстағы карьерасын аяқтады.

Ал кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Жақында ақпан айының басында Канадада француз Дэвид Спилмонтпен кездесуі тиіс болған. Алайда Жалолов денсаулығына байланысты рингке шыға алмады.

Жарнама
Жарнама