Нұрбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов жартылай финалға шықты

Редактор
26.02.2025, 20:50

Екеуі финалда бір-бірімен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінің» кезекті жарыс күнінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті.

Екеуі де 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқанын айта кету керек. 

Нұрбек ширек финалда Скотт Тигнды 5:0 есебімен ұтты. Ол кеше жергілікті болгар боксшысы Мануель Жечевті техникалық нокаутпен жеңген еді.

Сондай-ақ, Бекзат Нұрдәулетов те екінші жеңісіне қол жеткізіп, жартылай финалға шықты. Ол бұл жолы француз Абулайе Траоремен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Бекзад 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Бекзад кеше өзбек боксшысын бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Нұрбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов жартылай финалда жеңіске жетсе, финалда өзара кездеседі.