Софияда (Болгария) өтіп жатқан бокстан Странджа кубогінің төртінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылар ширек финал және жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады.
Жарыс екі сессиядан тұрады. Алғашқы сессия Астана уақытымен 17:00-де басталса, екіншісі 20:30-ға жоспарланған.
48 кг
- Санжар Тәшкенбай – Руни Луис (Ирландия)
- Теміртас Жүсіпов – Субхан Мамедов (Әзербайжан)
51 кг
- Даниял Сәбит – Давит Жапаридзе (Грузия)
54 кг
- Тимур Қабдешов – Синь Минь Ма (Қытай)
57 кг
- Оразбек Асылқұлов – Оуейн Харрис Аллен (Уэльс)
60 кг
- Талғат Сырымбетов – Тинко Банабаков (Болгария)
- Серік Теміржанов – Рис Оуэнс (Ирландия)
63,5 кг
- Ертуған Зейнуллинов – Руслан Рустамов
- Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Джейсон Невин (Ирландия)
67 кг
- Төрехан Сабырхан – Лаша Гагнидзе (Грузия)
71 кг
- Абылайхан Жүсіпов – Олексий Шыряев (бейтарап)
75 кг
- Сабыржан Аққалықов – Ремо Салвати (Италия)
- Тимур Нұрсейітов – Расим Чобанли (Әзербайжан)
80 кг
- Азамат Бектас – Лаки Аймуфуа (Аустрия)
- Ерасыл Жакпеков – Джеймс Уилан (Ирландия)
Айта кетейік, Болгарияға барған Қазақстан құрамасынан әзірге екі боксшы ғана жеңілді. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Нұрлан Сапарбай мен 51 келідегі Бекзат Алдамжаров бірінші жекпе-жектен әрі аса алмады.