WBC Карлос Адамеске Мейрім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуді міндеттеді – дереккөз

Редактор
27.02.2025, 10:52

Қазақ боксшысы биыл әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болады

Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокста орта салмақта жеңіс сериясын жалғастырып, сәтті келе жатқан қазақстандық Мейірім Нурсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминкандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) өткізуі тиіс.

WBC тұжырымы Адамеске өз белбеуін басты үміткер – қазақстандық боксшымен қорғауды міндеттеген. Бұл ақпаратты қазіргі кезде көптеген бокс жазатын дереккөздер растап отыр. Арасында ESPN журналисі, инсайдер Сальвадор Родригес те бар. Ол сондай-ақ  WBC Дмитрий Биволға да Дэвид Бенавидеспен кездесуді міндеттегенін айтты. 

Айта кетейік, 22 ақпанда Карлос Адамес титулын қорғау үшін британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізген. 12 раундқа созылған кездесу тең аяқталды. 

Еске салсақ, негізі WBC осы жекпе-жекке дейін-ақ жеңімпаз Нұрсұлтановпен кездеседі деген міндет қойған.