Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әйгілі америкалық боксшы Джервонта Дэвис мансабында алғаш рет жеңіске жете алмады

Редактор
02.03.2025, 11:39

Ол – үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған санаулы боксшылардың бірі

Getty Images

Кәсіпқой бокстан жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джервонта Дэвис (30-0-1, 28 КО) Нью-Йоркте кезекті жекпе-жегін отандасы Ламонт Роучқа (25-1-2, 10 КО) қарсы өткізді.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін өтіп, төрешілер жеңімпазды анықтай алмады және тең нәтиже тіркеді. Дэвис чемпиондық титулын өзінде қалдырғанымен, мансабында алғаш рет жеңіске жете алмады. Ол енді белбеуін қайта қорғауы тиіс.

Десе де, спорт сарапшылары төрешілердің шешіміне күмәнмен қарайды. Олар жеңіске Роуч жеткен еді деген пікірін айтуда. Соған қарағанда, төрешілер Дэвистің рекордындағы «нөл жеңіліс» деген статистиканы бұзғысы келмесе керек.

Ламонт Роуч болса бұған дейін бір рет жеңіліп, бір рет тең ойнап үлгерген. Содан да болар, аса көңілін түсірген жоқ.

Джервонта Дэвис – үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған санаулы боксшылардың бірі. Сондай-ақ, ол WBA тұжырымы бойынша жеңіл (2019-2023) және жартылай жеңіл салмақта (2021) чемпион болған. Жартылай жеңіл салмақта WBA-super (2018-2019, 2020), IBF титулдарына (2017) ие болған.

Жарнама
Жарнама