Қазақ боксшысы Сұлтан Зауырбек әйгілі Энтони Джошуамен бірге жаттығу өткізді

Редактор
02.01.2024, 21:29

Джошуа – кәсіпқой бокста IBF, WBO, WBA, IBO тұжырымдарының экс-чемпионы

Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақта WBO Global титулының иегері Сұлтан Зауырбек әлеуметтік желіде ағылшын спортшысы Энтони Джоушамен бірге жаттығу жасаған бейнежазбасын жариялады. Әлемге танымал кәсіпқой боксшыға соққы жасау әдісін көрсеткен отандасымыз оқиғаның қашан болғанын атап өтті.

«2021 жылы бір залда ұзақ уақыт бірге жаттығу жасадық. Өте қарапайым жігіт. Сол кезде өз ақылын айтқан болатын», - деп жазды Сұлтан Зауырбек.

Сұлтан Зауырбек өткен жылдың қараша айында Брайтонда аргентиналық Серхио Мартин Созуға қарсы жекпе-жек өткізіп, алтыншы раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Ал, Энтони Джошуа аса ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген британ боксшысы. Ол кәсіпқой бокста IBF, WBO, WBA, IBO тұжырымдарының экс-чемпионы. 30 жекпе-жек өткізіп, оның 27-де жеңіске жеткен. Әуесқой бокстан Лондо олимпиадасының (2012) чемпионы.