Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы 2024 жылдың таңдаулы бес боксшысының қатарына қосылды

Редактор
03.01.2024, 10:45

Ол – WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы

Instagram/janibek_alimkhanuly

CFSportsClub спорт парақшасында биыл әлем назар аударатын боксшылар тізімі жария болды. Оның ішінде Қазақстан спортшысы Жәнібек Әлімханұлы да бар.

CFSportsClub әлем бойынша үміт күттіретін үздік 5 боксшы таңдалған. Оның ішінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО), АҚШ кәсіпқой боксшылары Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО) енген.

Өткен жылы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған болатын.

Отандасымыз бұған дейін өз салмағында басқа да нұсқалар бойынша әлем чемпионы атануды көздейтінін мәлімдеген еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама