Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады

11.03.2025, 11:05

Ол биыл чемпиондық титул үшін Карлос Адамеспен жұдырықтасуы мүмкін

David Spagnolo/Main Events

Әлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) рейтингтің бірінші орнына көтерілді. Ол бұған дейін үшінші орында болған.

WBC ұйымы осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) белбеуін қорғау үшін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов көп уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада Ташкентте өткен. Өзбекстандағы бокс бокс кешінде ол Чили боксшысы Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама